Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Мәдениет

Тұлғаларға жасалған құрмет

Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ
Қараша 12, 2019
Мәдениет
1.2k
қаралым

Құрмет миллиардпен де өлшенеді

Ереуілшілер ескерткішпен селфиге түсті…

Ұлт тарихында аты қалған композитор

Алматыда қазақ вальсінің короліне ескерткіш қойылды. Бұл – Шәмші Қалдаяқовқа, қазақ өнеріне жасалған құрмет еді. Ескерткіш айрықша эскизде, ерекше композицияда көрініс тапқан. Қазақ зиялысына, қоғам қайраткерлеріне құрмет көрсету идеясы осыдан төрт жыл бұрын басталған.

Барлық мүсін, ескерткіш, олардың орналасатын орны қала тұрғындарымен кеңесіп, таңдалды. Мүсін эскиздеріне республикалық деңгейде бай­қау жарияланды. Елбасы тап­сырмасымен қойылған ерек­ше композиясының бірі – ашар­шылық құрбандарына арналған тас мүсін. Ол Наурызбай ба­тыр мен Қабанбай батыр көше­лерінің қиылысында «Қара­ғайлы» бағында орналасқан. Бұл ескерткішті ел 25 жыл күткен еді. Аласапыран жылдағы зұлмат-зұлымдықты суреттеп тұрған тас мүсінге жүрек дір етпей қарау мүмкін емес. Арып-ашқан, өлімші халдегі баласын кеудесіне қысып ұс­тап, қасқайып ана тұр. Бұл – қазақ халқының 1931-1933 жыл­­дардағы ауыр тағдырын бейнелейтін ақиқат еді. Әрі ескерткіш ашаршылықта құрбан болған миллиондаған тағдырдың рухына бүгінгі буыннан тағзым және кешегі қайғы-қасіретті келер ұрпақ біліп жүруіне қажет тағылым.

Соңғы жылдардың өзінде Елбасы тапсырмасымен қа­ланың тарихынан сыр шертетін көптеген ескерткіш бой көтерді. 60-тан астам елеулі тұлғалар өмір сүрген үйге тақталар орнатылды. Чернобыль атом электр стансасындағы апатты жоюда қаза болғандарға, елі­міз­дегі энергетика ғылы­мы­ның негізін қалаушы, тех­ни­ка ғы­лым­дарының док­­торы, про­фес­сор, акаде­мик Шапық Шөкинге ескерткіш ашылды. Барлық мүсін, ескерт­кіш, олар­дың орна­лас­қан орны қала тұр­ғындарымен кеңесіп, таң­дал­ды. Мүсін эскиз­­деріне рес­пуб­ли­калық дең­гейде байқау жария­ланып, ар­найы кон­­цеп­­ция жа­салды. Қыз Жібек пен Төле­генге, Шәкен Аймановқа, Шәмші Қал­даяқов пен Балуан Шолаққа ескерткіш қою жоспарланған еді. Мұның бәрі халықтың даң­қты өнер майталмандарына құрмет көрсету болатын.

Қазақ кино өнерінің тари­хын Аймановсыз елестету мүм­кін емес. Оның мүсіні ерек­ше жерде орын тепті. Аңызға айналған режиссердің құрметіне қойылған ескерткіш 2019 жылдың 16 мамырында ашылды. Мүсінді қою үшін «Алматы» қонақүйі бекер таңдап алынған жоқ. Бұл қонақүйде режиссердің атақты «Тақиялы періште» фильмі түсірілді. Көшенің қарсы бетіндегі Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театрына ойлы жанарын қадап қойып, ойға шомып отырған Шәкен келбетін бірден байқайсыз. Өзі отырған орындықтың арқалығын қапсыра құшақтап, аяқтарын айқастырған күйі алысқа көз тігеді. Ескерткіштің бейнесі мүлдем бөлек. Көз үйренген мүсіндерге мүлдем ұқсамайды. Қоңырқай түсті қоладан құйылған айрықша бейненің авторы – белгілі мүсінші Нұрлан Далбай.

Үздік эксиздерді комиссия 50-ге жуық өтінім ішінен ашық байқау негізінде іріктеп алды. Республика сарайы мен «Қазақстан» қонақүйі ара­сын­дағы баққа жыл соңына дейін композитор Шәмші Қалдаяқовқа арналған қола ескерткіш орнатылатыны ту­ралы маусым айында мәлім болған еді. Сондай-ақ атақты қазақ палуанына ар­нал­ған мүсін де Абай даңғы­лындағы Балуан Шолақ атын­дағы спорт сарайының алдында биылғы күзде қойылуы тиіс еді. Со­нымен бірге қазақ фольк­лорының кейіпкерлерін мәңгі сақтау мақсатында мәңгілік махаббаттың символы – Тө­леген мен Қыз Жібекке арнал­ған қола композицияны орнату жоспарланған.

 
Тегтер: айрықша эскизерекше композицияескерткішқұрметтас мүсінтұлғалар
Алдыңғы жаңалық

Үміткерлер пікірталасы

Келесі жаңалық

Өңірде атқарылған оңды істер

Ұқсас жаңалықтар

димаш
Жаңалықтар

Жақында Димаштың жаңа бейнебаяны жарыққа шығады

Қаңтар 24, 2021
рэп
Мәдениет

Қазақша рэп: жетістіктің сыры неде?

Қаңтар 23, 2021
фильм
Мәдениет

Сыйлық тұр, сияпат жоқ

Қаңтар 23, 2021
ән
Мәдениет

«Фанерасыз» ән қайда?!

Қаңтар 23, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтауда ер адам 5 миллион теңгесімен көшеде ұйықтап жатқан

Қаңтар 26, 00:13

Ресей чемпионатына ауысып жатқан қазақстандық футболшылар көбейіп жатыр

Қаңтар 25, 23:35

Түркістан облысында қар құрсауында қалған 400-ге жуық адам құтқарылды

Қаңтар 25, 23:09

Нұр-Сұлтанда және өзге 7 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қаңтар 25, 22:43

Маңғыстауда жас баланы зорлаған педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Қаңтар 25, 22:09

Ақпаннан бастап 1-2 сынып оқушылары мектеп асханаларында тегін тамақтанады

Қаңтар 25, 21:36

«Челси» Фрэнк Лэмпардты қызметінен босатты

Қаңтар 25, 21:07
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Ақтау

Ақтауда ер адам 5 миллион теңгесімен көшеде ұйықтап жатқан

Қаңтар 26, 2021
Ресей

Ресей чемпионатына ауысып жатқан қазақстандық футболшылар көбейіп жатыр

Қаңтар 25, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»