Петропавлдағы №1 жалпы білім беретін IT лицейдің 2-сыныпқа сабақ беретін мұғалімнің коронавирусқа шалдыққаны анықталды.
Солтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, мұғалімнің тапсырған ПТР тесті оның ауруға шалдыққанын растады.4-сыныпқа сабақ беретін мұғалімнен СOVID-19 табылған. Ол да ПТР тест тапсырып, талдау оң нәтиже көрсетті. Салдарынан кезекші екі сыныптың 26 оқушысы қашықтан оқитын болды.Осыған байланысты екі кезекші сыныптың 26 оқушысы және бүгіннен бастап Петропавлдағы №5 орта мектептің де екі кезекші сыныбы қашықтан оқуға көшірілді.