Өңірде атқарылған оңды істер
Өңірде атқарылған оңды істер
157
оқылды

Облыстық филиалда өткен Nur Otan партиясы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының отырысында тұрғындарды толғандырған маңызды мәселелер – халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету, өңірдегі жастар сая­са­тының жүзеге асырылуы, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың жайы қаралды.

Бұл сұрақтар күн тәртібінде жай ғана қаралып қоймай, әр мәселеге қатысты есептер тыңдалып, әр басқарма басшысы мен жауапты маманға тиісті сауалдар қойылды. Жиынды партиялық бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары Забира Сайдильдина жүргізді.

Алматы облысының энер­­гетика және тұрғын үй ком­му­­нал­дық-шаруашылық бас­­қар­­масы бас­шысының орын­ба­са­ры Асқар Кенженовтің мәлім­­деуінше, облыста 742 елді ме­кеннің 665-і (89,6%) орталықтан­дырылған сумен қамта­масыз етілген. 2023 жылдың соны­ңа дейін 711 елді мекенді орта­лық­тан­дырылған сумен қам­та­масыз ету жос­парлануда. Сумен жаб­дықтау деңгейі 96%-ға жетеді.

Жастар жылына орай Алматы облысында атқарылған ауқымды жұмыстар жайын Жастар саясаты мәселелері басқармасының бас­шысы Жомарт Қаратас жеткізді.

– «Бақыт» жас отбасыларды қолдау клубы аясында жастар ресурстық орталықтарына 20 психолог штаттық бірлігі бөлініп, психологтар жұмыс істеуде. «Жастар – ел тірегі» жобасы аясында «Жас кәсіпкер» бизнес бастамаларын дамыту бағдарламасы бойынша жастар стартаптарын қолдау мақсатында облыста «Бизнес және жастар «4 К» фестивалі өтті. Қазіргі таңда облыстың аудан, қалалары бойынша 13 107 жас кәсіпкер тіркелген. Маргинал жастардың саны 1 896-ға жетті, – деді Жомарт Мандатұлы.

Жиында «Әлеуметтік ме­ди­­циналық сақтандыру қоры» ком­мерциялық емес акцио­­нер­лік қоғамының Ал­маты облы­сы бойынша филиа­лы­ның директоры Нұрлан Отарғалиев өңірдегі МӘМС жүйесінің жұмысын баяндады. Нұрлан Таңжарықұлының мәлімдеуінше, бүгінгі күнге дейін облыста арнайы әлеуметтік мәртебесі анықталмаған 103 мың азамат бар. Сондай-ақ алдын ала есептеу бойынша облыста 2020 жылы 106,4 млрд теңге қаражатты бөлу жоспарда тұрғаны да жиын барысында айтылды.


Әбілмансұр ЖАСАН