Өгей қызын бірнеше жыл зорлаған педофилге сот үкімі шықты
Өгей қызын бірнеше жыл зорлаған педофилге сот үкімі шықты
5,156
оқылды

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың баспасөз қызметі Павлодар облысы Успенка ауылының тұрғыны 23 жылға бас бостандығынан айырылғанын хабарлады.

Жабық сот процесі бүгін аяқталды. Іс барысында 2016 жылдан 2020 жылға дейін айыпталушының жас қызға (қыз ол кезде 13 жаста болған) қатысты зорлау және жыныстық әрекеттер жасағаны анықталды. Өзіне қол салуға итермелегені белгілі болды. Сотталушы кінәсін мойындамады. Айыпталушы мен оның адвокаты ақтау үкімін сұрады. Ал айыптау оны 20 жылға, ал жәбірленушінің өкілі одан да ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады. Сот оқиғаның ақ-қарасын анықтап, педофилді кінәлі деп таныды.

«Қылмыстық кодекстің бес бабы бойынша қылмыс жасалғанын, ол кезде мас болғанын ескере отырып, сот педофилді 23 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қауіпсіздігі ең жоғары мекемеде өтейтін болды» делінген ресми хабарламада.

Сондай-ақ, ер адам өмір бойына педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды (қылмыстық кодекске сәйкес, осы құқықтан айыру міндетті болып табылады және жұмыс орнына қарамастан тағайындалады). Сонымен қатар сот сотталушының химиялық кастрация жасату-жасатпау туралы мәселені зерттемегені үшін сот сараптамасы орталығы басшылығының атына жеке қаулы шығарды.

Сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу кезінде жіберілген қылмыстық және қылмыстық-процестік заң нормаларын бұзғаны үшін Павлодар облысы прокуроры мен облыстық полиция департаменті бастығының атына жеке қаулы шығарды.