Ақтөбе облысында бір топ журналист отырған микроавтобус аударылды
Ақтөбе облысында бір топ журналист отырған микроавтобус аударылды
© Сурет ғаламтордан
205
оқылды
Ақтөбе облысында бір топ журналист отырған микроавтобус аударылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарлама бойынша, жол апаты 26 қаңтарда жергілікті уақытпен сағат 9.30 шамасында Әйтеке би ауданындағы Ұлғайсын ауылының маңында болған. Ырғыз ауылына бара жатқан Toyota Hiace аударылған.  Апат салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр.