Аружан жүлдегер атанды
Аружан жүлдегер атанды
142
оқылды

Қазақстандық танымал ак­три­са Аружан Жазылбекова Лос-Анджелесте өткен Golden Screen Awards кинофести­ва­лін­де марапатқа ие болды. Ол «Композитор» фильміндегі рөлі үшін «Үздік әйел рөлі» ата­лы­мын­да жүлдегер атанды.

Golden Screen Awards кинофес­ти­валі 2016 жылдан бе­рі тұрақты өткізіліп келеді. Бұл шара China Film Cop­ro­duction Production корпорациясы, Hollywood Repor­ter және Америка кино қауымдастығының қол­да­уы­мен өткізілді.

Кинофестивальдің басты мақсаты – Қытай және ше­тел киностудия­ла­ры бірлесе түсірген туындыларға қол­дау білдіріп, үздіктерді марапаттау.

Актриса қуанышты жаңалығымен әлеуметтік желіде бөлісіп, құттықтау білдіргендерге алғысын айтты.

«Golden Screen Awards for Best leading actress! So happy and grateful! Ұйықтай да, тамақ іше алмай да отыр­мын. Мен бақыттымын және ризамын. «Қазақфильмге» және түсі­рілім тобы­мыз­ға рақмет! Серіктестерім Дильназ Нұр­сейітке, Берік Айтжанов­қа, Алты­най Нөгербекке және Ху Джунға рақ­мет» делінген жазбада.

Фильмді Мәдениет және спорт министрлігінің тап­­сырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфи­льм» киностудиясы, Shinework Pictures және China film coproduction corporation компаниялары түсірген болатын. Қа­зақстан прокатына биыл маусым айында шықты. Фильм режиссері – Сә­бит Құрманбеков пен Шерзат Якуб. Кинотуынды АҚШ-та өткен фес­тивальде 4 аталым бойынша: «Үздік ко-­өнімдегі фильм», «Үздік әйел адам рөлі» (актриса Аружан Жазыл­бе­кова), «Үздік ер адам рөлі» (актер Ху Чжунь) және «Үздік музыка» үз­дік деп танылды.

Өнерге өлшеусіз үлес қосқан Қы­тай­дың танымал ком­позиторы Си Син­хай­дың өмірі мен өнер жолы сурет­те­­­ле­тін фильмде оның КСРО-да бол­­ған жылдары және қазақтың та­лантты композиторы Бақытжан Бай­­­қа­да­мовпен достығы арқылы екі ел арасындағы достық си­патталады. Аружан Жазылбекова аталған фильм­де Б.Байқадамовтың қарындасы Данаш­ты сомдаған.


Маржан ЕРТІС