Жігер берген жиын
Жігер берген жиын
143
оқылды

«Nur Otan» партиясы Талдықорған қалалық филиалында Ал­­маты облыстық «Jas Otan» Жастар қанатының ұйым­дас­тыруы­мен «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңім­паз жастарымен кездесу өтті. Олар әңгіме барысында мем­ле­кет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауларды сөз етті.

Кездесуге қатысқан «Nur Otan» пар­тиясы Алматы облыстық фи­лиа­лы төрағасының бірінші орын­ба­сары Жанболат Жөргенбаев жас­тар тарапынан атқарылып жат­қан игі істерді назарға ұсынды. – Белсенді жастарымыздың ат­қар­ған жұмыстары ауқымды. Мы­салы, партияның «Ардагерлерді ар­­­дақтайық» жобасы аясында 152 Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне азық-түлік тү­рін­де және 80 ардагерге мекен­жай­лық көмек көрсетілді. Түркістан об­лысы Мақтаарал ауданында бол­ған төтенше жағдайға байла­ныс­ты гуманитарлық көмек көр­сету бойынша штаб құрылып, 15 жүк көлігі керуенімен 260 тонна азық-түлік пен құрылыс мате­риал­дары жөнелтілді, – деген Жанболат Әке­байұлы пандемия кезінде BizBirgemiz, «Бетперде тақ, жақыныңа жа­нашыр бол!», «Дәрігерлерге мың ал­ғыс» акциялары аясында іске ас­қан шараларға кеңінен тоқталды. Сондай-ақ «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаз­дары жайлы да ерекше атап өтті. – Жоба жеңімпаздарының ат­қар­ған жұмыстары ауқымды. Елдос Бая­лышбаев мүгедектерге арналған фитнес орталығын ашып, талай жан­ға қолдау көрсетіп отыр. Соны­мен қатар Алакөл жағасында пан­сио­нат ашып, әлеуметтік кәсіпкер­лік саласын жүргізуде. Тағы бір жеңімпазымыз Елдар Сапаров үкі­­меттік емес ұйымдармен жұмыс іс­теуде облыстық азаматтық альян­сын қолға алып, қазіргі кезде ау­қым­­ды жұмыстарды жүзеге асыру­да. Ол өңіріміздегі жас әрі белсенді де­путаттардың бірі, – деді ол. Жиында сөз алған Елдар Са­паров, Елдос Баялышбаев мемле­кет­тік бағдарламалар арқылы елі­міз­дің өсіп-өркендеуіне үлес қосуға бо­латынын, кәсіпкерлікпен айна­лы­суға барлық жағдай жасалғанын айт­ты. Баспанасыз, жұмыссыз жүр­ген жастардың жайын да тілге тиек етіп, олардың санын азайту жөнінде ұсы­ныстарын жеткізді. Кездесу соңын­да жастар көкейінде жүрген сұ­рақтарын қойып, соған сай тұ­шым­­ды жауап алды.