«Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары А.Байжанованың қатысуымен «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасын жүзеге асыру мәселесі бойынша партияның аумақтық филиалдарымен отырыс өтті.
Елімізде білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік қамсыздандыру салаларында сұранысқа ие мамандықтар бойынша дипломы бар жас мамандарды ауылдық жерлерге тарту үшін 2009 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен 10 жылдан астам уақыт бойы «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы іске асырылуда. Айта кету керек, 2020 жылы республикалық бюджеттен облыстың 381 жас маманына тұрғын үй сатып алуға кредит беру үшін 1 574 694 мың теңге бөлінді. 2020 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 380 маман 1 469 967 теңге сомасында бюджеттік кредит алды. Қалалар мен аудандардың бюджеттерінде биыл 494 маманға көтерме жәрдемақы төлеуге 137 167 мың теңге бөлу жоспарланған. 2020 жылдың 1 қарашасындағы мәлімет бойынша, 450 маманға 123 265,5 теңге жәрдемақы төленді. Онлайн отырыс барысында «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Бесқарағай, Зайсан, Шемонаиха аудандарының аумақтық филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарларының баяндамалары тыңдалды. 2009 жылдан бастап Шемонаиха ауданына – 124, Зайсан ауданына – 162, Бесқарағай ауданына 183 жас маман келген. Талдау көрсеткендей, ауылға ең көп жас педагогтер мен медицина қызметкерлері баратыны белгілі болды.Әбілмансұр ЖАСАН