Тұрғындар үй құрылысына қарсы
Тұрғындар үй құрылысына қарсы
162
оқылды

Көкшетауда жаңадан бой көтерген Сарыарқа ықшамау­данының бір топ тұрғындары «Nur Otan» партиясына  шағымын айтып келді. Олар аулаларына тағы бір үйдің тұрғызылуына қар­сылығын білдірді. «Мұнда онсыз да көлік қоятын жер жоқ. Балалар ойын алаңы да дұрыс жасақталмаған. Сондықтан құры­лысқа қалай да жол бермейміз», – дейді тұрғындар.

Халықпен кездесуге қалалық пар­тия филиалының төрағасы, Көк­шетау қаласының әкімі Аман­гелді Смаилов келді. Әкімге базы­насын жеткізген тұрғындар 5 қа­батты үй салуға жол бермейтінін айт­ты. Жанашыр азаматтар құры­лыс жүргізілетін жерге  балаларға уа­қытша футбол алаңын салып беріп­ті. Енді сол жерде тұрғын үй бой көтерілмек. Аталған 5 қабатты тұрғын үй жыл­­дар бойы кезекте тұрған от­ба­сы­ларға арнап салынбақшы. «Бы­лай тартса арба сынады, былай тар­са өгіз өледінің» кебін киген әкім­­діктегілер құрылыс мәселесін та­ғы бір қарап, бұл мәселені тұр­ғындармен ақылдасып шешетінін айтып, көндірді. Мәселе «Nur Otan» партиясының Ақмола облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының  бақы­лауын­да болмақ.

Әбілмансұр ЖАСАН