Шымкент халқы базынасын жеткізді
Шымкент халқы базынасын жеткізді
222
оқылды

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен шаһардағы инфрақұрылым мәсе­лесі бойынша онлайн жиын өтті.

Естеріңізде болса, осыған де­йін «Астана TV» телеар­на­сын­да Шымкент қаласы Абай ау­да­ны Ізгілік көшесінің тұрғындары кө­­ше бойында суару жүйесінің жоқ­­тығына байланысты ағынды су­дың үнемі жиналып жатқанын ай­тып, мәселе көтерген. Осы орай­да, Г.Ташқараев бұл жағ­дай­ды өз назарына алып, «Nur Otan» партиясы Абай аудандық фи­лиа­лында өткен партиялық ба­қы­лау комиссиясының отыры­сын­да шешу жолдарын қарас­тыр­ған болатын. Атап айтқанда, үміт­кер Ізгілік көшесінің бойын­да ирригациялық жүйені құру қаланың энергетика және ком­муналдық шаруашылық бас­қармасының 2021 жылға жос­парға қосылсын, сондай-ақ Абай ауданының әкімдігіне 2020 жылдың 1 желтоқсанына дейін ағынды судың жиналуы мә­селесін шешу үшін уақытша ары­қтар орнатуды ұсынған. Берілген тапсырманы орын­дау қалалық партиялық бақылау ко­миссиясының бақылауына өтіп, бүгінде жалғасын тауып ке­леді. ZOOM платформасы ар­қылы өткен жиында да Ізгілік кө­шесінің мәселесі назардан тыс қалмады. Басқосуға «Nur Otan» пар­тиясы Шымкент қалалық фил­иалы төрағасының бірінші орын­басары Бахадыр Нарым­бе­тов, Энергетика және комму­нал­дық шаруашылық басқар­масы басшысының орынбасары Боранбай Нығметұлы, Шым­кент қалалық мәслихат депутат­ты­ғына кандидат Женсері Суе­тов қатысты. Жиында Бахадыр Мадәліұлы Азат шағынауданындағы көшеге тас төсеу жұмыстары кешеуілдеп жатқанын және жұмыс сапасына көңілі толмайтынын айтты. Ал Шым­кент қалалық мәслихат де­путаттығына кандидат Жен­сері Бөкенбайұлы «Шымкент қа­ласы Абай ауданы Ізгілік кө­шесінің тұрғындары «жаңбыр жауса көшеміз су астында қала­ды. Көлікпен не жаяу өту мүмкін емес. Өйткені суды қашыратын арық-атыз салынбаған» деп шағымданады. Әкімдікке қанша айт­са да мәселе оң шешімін тап­пай отыр екен. «Сіздер мәсе­ле­ден хабардарсыздар ма? Қашан шешуді жоспарлап отырсыздар» деп сауал жолдады. Шымкент қалалық Энерге­ти­ка және коммуналдық шаруа­шы­лық басқармасы басшы­сы­ның орынбасары Боранбай Ны­ғ­метұлы ондағы мәселе көр­ші­лердің өзара келісе алмауы сал­дарынан туындағанын айта­ды. Себебі көшеге келетін жауын суын ағызар арық салу үшін жол маңындағы учаске иелері қар­сылық танытқан. Мәселені тү­бе­гейлі шешу үшін келер жылы қа­зынадан қаржы қарау қажет­тігін айтады мамандар. Бұдан бөлек, Қаратау ау­да­ны­ның тұрғыны Әлия Сәбитова Азат шағынауданындағы Ақдала көшесіне аяқжол салу мәселесін кө­терді. Себебі көше бойында жауын­ды күндері жаяу жүру мүм­кін болмай қалады екен. Бо­ранбай Нығметұлы өз кезе­гінде мәселеден бейхабар еке-нін айтып, алдағы уақытта Ақ­дала көшесіне арнайы бара­ты­нын жет­кізді.

Ә білмансұр ЖАСАН