Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Қасқыр атуға қаржы неге бөлінбейді?

«Айқын» ақпарат
Қараша 21, 2020
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
қасқыр

© коллаж: Елдар Қаба

117
қаралым

Қыс қыр астында. Қазір шаруалар қыстың қамын жасап, мал азығын дайындау үстінде. Алайда алғашқы қар түсісімен қораға қасқыр түсіп, қо­жалықтарды әбігерге салатыны бар. Бұрнағы жылы оңтүстікте қасқыр атуға Үкіметтен қаржы қаралып, түз тағысының саны реттеліп отырса,  биыл бұл бағытта бір тиын бөлінбей отыр.

Мәселенің мәнісін білмекке, Жамбыл облысы әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына хабарластық. Ондағылар өткен жылдан бастап облыста қасқыр саны азайғанын айтып, енді қаржы басқа бағытта берілетінін жеткізді.

Басқарманың жануарлар дүниесін қорғау және балық шаруашылығы бөлімінің берген ақпаратына сүйенсек, өткен жылы түз тағысын атуға 4 миллион 380 мың теңгеге өтінім берілген екен. Алайда бұл қаржы толықтай қасқыр атуға жұмсалмаған.

«2019 жылға  4 миллионнан аса қаржы бөлінеді деп күтілген. Оған 365 бас түз тағысының көзін жою жоспарланғанымен,   бұл қаржы толықтай сол мақсатта жұмсалмады.  Себебі 2018 жылға қаралған  5 миллион теңгеге 420 бас қасқыр ату көзделгенімен, тек 140 түз тағысы атылған еді. Содан жоғарыдан бұйрық келіп, қалған қаржыға қорықшылардың мылтығы, дүрбесі сынды керек-жарақтар алынды. Сол себепті биыл қасқыр атуға Үкіметтен қаржы қаралмады», – дейді  бөлім­дегілер.

Қаржы пирамидасы тұрғындардың 70 миллион теңгесін алып қойған

Жастар Zhas Project қаржысын жымқырды ма?

Air Astana 2020 жылғы EBITDAR-дың құлдырауынан кейін көрсеткіштерді жақсартып жатыр

Бұл ақпарды жылда қасқыр атумен айналысатын  «Қасқырбай» ЖШС өкілдері де растап, қасқыр саны азайғанын айтып отыр.

Жалпы, бұған дейін  үлкен қасқырдың құны – 12 000 теңге, аналық қасқыр – 19 400, бөлтірігі – 600, ал шибөрінің құны – 480 теңгеге бағаланып, атылып  келген. Ал тендер жеңімпазы болып танылған  мердігер  атылған қасқырды ауданнан құрылған комиссияға өткізіп, қаржысын алып отырған.  Биыл  бұл жүйе толықтай өзгеріп отыр. Жауаптылар оны қасқыр санының азайғанымен түсіндіруде. Алайда шаруалардың айтуынша, қасқыр азаймақ түгілі көбейіп кеткен көрінеді.

  – Ауданымыздың көп бөлігін жазық дала алып жатқандықтан, сәл қар жауса болғаны аязды боран басталады. Бұл кезде мал түгілі жайылымда адам адасады. Сондықтан  боранды күндері  төрт түлігімізді қорада ұстауға тырысамыз. Алайда  ашыққан қасқырлар адамнан да, басқаңнан да қорықпай қораңа түсіп, түлігіңді тартып кетіп жатады.  Әрине, қолдан келгенше қақпан қойып, мылтығымызды сайлап отырамыз. Бірақ халық қалың ұйқыда жатқанда қораңа түсетін қасқырды әрдайым байқап қала  алмайсың. Содан   еңбегің еш кетіп, төрт түлігің қасқырдың жемі болып жатады. Өткенде ғана сәл күн суынып, қар ұшқындап еді қорамнан түнде бір қойымды қасқыр тартып кетті. Алдыңғы жылдары тендермен орман қорындағы қасқырлар болса да атылушы еді, биыл ол да болмайтынын естудеміз. Ең болмаса орман қорынан шыққан мылтық үні қасқырларды әжептеуір үркітетін. Енді биылғы қыста өзімізге амалдауға тура келіп тұр, – дейді  Мойынқұм ауданының тұрғыны  Ерлан Құдабаев. 

Әрине,  төлінен өсірген төрт түлікті  ішпей-жемей  қасқырға жем қылу ешкімге оңай соқпайтыны анық.  Ал ағымдағы жылдың қаңтар айында  орын алған оқиға тіпті төбе шашыңды тік тұрғызады.  Талас ауданына қарасты Қызыләуіт ауылының тұрғыны Ақтөре Әбдебайдың бір түнде 206 қойын қасқырлар қырып кетіп, шаруа шырылдап қалған болатын.  Сол Ақтөре жалғыз аңшы мылтығының өзін жергілікті полиция қызметкері тәркілеп алып кетіп, төрт түлігін қорғай алмай қалғанын ашына жеткізген. Тіпті, сол тұста ауданда қасқыр атуға тыйым салынып қойған екен. Нәтижесінде, шаруа 20 жыл бойы тірнектеп жинаған малын бір түнде  қасқырға жем қылған еді. Бұл – жыл басында ғана орын алған оқиға. Ал табиғат саласына жауапты мамандар былтырдан бері Жамбыл облысында қасқыр азайды деп статистиканы сөйлетіп тұр. Сонда кімге сенеміз? Бір түнде 206 қойды қасқыр қырып кеткен нақты фактіге ме, әлде мамандардың қолында сандармен суреттелген мәліметке ме?

Мұндай кезде қасқыр ататын қаржыны тоқтатып емес, керісінше еселеп бөлу керегі бесіктегі балаға да белгілі нәрсе. Негізі, осыдан он шақты жыл бұрын Жамбыл облысында түз тағыларын ату бойынша пилоттық жоба жанданған болатын. Табиғат қорғаушылары әр қасқырдың басына 2 000 мен 5 000 мың теңге аралығында сыйақы тігіп, жергілікті жердің аңшыларының өзі көкжалдың санын кемітіп отырған еді. Егер Үкімет қазіргідей қиын экономикалық жағдайда қасқыр атудан ақша үнемдеуді ойлап отырса,  бәлкім осы жүйені қайта қолданысқа енгізу керек шығар? Сол кезде аналық қасқырды мердігерге 20 000 теңгеге атқызбай-ақ, ауылдағы аңшыларға 2000 теңге төлеп, көзін жоя аламыз.  Мұны сала мамандары сүзгіден өткізіп, таразылайтын кез келген сияқты. Себебі бірер күннен кейін қыс айлары басталады. Қазірдің өзінде аймақтардың денінде қар түсіп, үсік жүруде. Мұндай кезде қасқырлар ауыл маңын айналшықтайтыны тағы белгілі. Сондықтан кеш болмай тұрғанда биліктің бір байламға келгені жөн.

Саятхан САТЫЛҒАН,
Жамбыл облысы  

 
Тегтер: атуқаржықасқырқысМалҮкімет
Алдыңғы жаңалық

Криобанк» дейтін қор бар

Келесі жаңалық

Адам саудасы – құлдық пен қайыршылық

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан
Жаңалықтар

Қазақстан – Франция матчына жанкүйерлер кіре ала ма?

Наурыз 5, 2021
5
Жаңалықтар

Теңіз кен орнында 5 жолаушылар автобусы өртеніп кетті

Наурыз 5, 2021
Қазақалтын
Жаңалықтар

Ақмола облысында «Қазақалтын» кенішінен 122 млн теңгенің алтыны ұрланды

Наурыз 5, 2021
Өскемен
Жаңалықтар

Өскеменде өрттен 12 адам құтқарылды

Наурыз 5, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан – Франция матчына жанкүйерлер кіре ала ма?

Наурыз 5, 23:32

Теңіз кен орнында 5 жолаушылар автобусы өртеніп кетті

Наурыз 5, 23:05

Ақмола облысында «Қазақалтын» кенішінен 122 млн теңгенің алтыны ұрланды

Наурыз 5, 22:32

Өскеменде өрттен 12 адам құтқарылды

Наурыз 5, 21:56

Елдос Сметов Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды

Наурыз 5, 21:28

Фируза Шарипова қаталдық танытпағанына өкінеді

Наурыз 5, 21:00

7 өңірде ескерту жарияланды

Наурыз 5, 20:52
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Қазақстан

Қазақстан – Франция матчына жанкүйерлер кіре ала ма?

Наурыз 5, 2021
5

Теңіз кен орнында 5 жолаушылар автобусы өртеніп кетті

Наурыз 5, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»