Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Карантин қауқары білім саласына ғана жете ме?

"Айқын" ақпарат
Қараша 21, 2020
Әлеумет, Басты жаңалықтар, Жаңалықтар, Қазақстан
Білім

©А.Ахметқазы

370
қаралым

Елімізде белгілі шектеулер арқылы сауда орталықтары, мейрамхана мен көптеген мекеме жұмысын жалғастырып жатыр. Тіпті, қоғамдық көліктер де сапырылысып жүр. Бірақ мектептер жабық. Демек, білім саласы басыбайлы тұйыққа тірелді. Ал қашықтан оқытудың жайы белгілі, көпшілік білім сапасына разы емес. Сонымен, бір сауалға жауап іздесек, індет жағдайына қарамастан оқу ордаларын ашқанымыз жөн бе?

Мектептерді ашқан жөн бе?

Бұл мәселе талқыға түскелі көп болды. Ата-аналар петиция да тол­тырды, мұғалімдер қостаған­дай сыңай танытты. Соңы өз­геріс­сіз, мектептер әлі баяғы оқу үрді­сі­не көше алмай, қашықтан білім бе­ріп жатыр. Жуырда екінші тоқ­­­саннан бастап мектептерді ашып, дәс­түрлі оқуға ауысудың мәселесі қа­ралған болатын. Бірақ жеме-жем­ге келгенде бұл да сөз күйінде қал­ды. Білім сапасын оңдырмаса да бейнеті көп саналған қашықтан оқыту жалғаса беретін болды. Осы тұс­та бір жайтты ескерсек, көп мек­тептің ашылмай жатқанына Бі­лім және ғылым министрлігін кінәлап әлек. Дегенмен мына нәр­се анық – Білім министрлігі ша­расыз. Барлығын елдің бас са­нитар дәрігері шешеді. Апта ба­сында министрлік бұл сөзді ресми түр­де қадап айтты. Ал адам өмірі мен қауіпсіздікті алға тартқан Ден­саулық сақтау министрлігі бұ­ған жол бермеуге тырысатындай кейіп танытып отыр.

Енді мына қызықты қараңыз. Елімізде сауда орындары, мекемелер, базарлар жұмыс істеп тұр. Бірақ мектеп жабық. Ал дамыған Еуропа елдерінде осы сценарий керісінше өрбіп жатыр. Білім ордаларын қаңыратпаған өзге елдер оның орнына сауда орындары мен мекеме жұмысын шектеді. Республикалық QazBilim орталығының директоры Аятжан Ахметжан болса, Үкімет осы тұста Еуропа елдерінен үлгі алу керегін айтады.

Қызылордалық мұғалімдерге вакцина салынып жатыр

Карантин туралы жаңа қаулы жарияланды

Қысым көрген оқушы өз-өзіне қол жұмсады

– Білім министрлігі шарасыз болып тұр. Бәрін шешетін бас санитар дәрігер. Болмаса осы мәселені айтып Білім министрлігінің өкілдерімен талай кеңестім. Олар құптап отыр, алайда сол шарасыз болып тұрғандарын айтады. Білім саласынан басқа жерде карантин деген түсінік қалған жоқ. Балалар мектепке бармайды, бірақ сыртқа шығып, аулада өзге балалармен ойнап жүр. Олардың ата-аналары жұмысқа қатынап жүр. Қайдағы қауіпсіздік?! Абзалы, балалар мектепке барып оқуы тиіс. Онсыз да білім сапасын төмендетіп алғанымыз жасырын емес, – дейді ол.

1 қыркүйек пен 20 қараша аралығында елімізде 1 251 мектеп оқушысынан коро­навирус анықталған екен. Оның ішінде 256 оқушы кезекші сыныптарда оқыса, қалған 895 оқушы қашықтан білім алып жатқандар. Байқасақ, қашықтан оқып жатқан оқушылар індетті көп жұқтырған. Демек, мектептердің ашылуын қалаған көпшіліктің пікірі орынды айтылған. Ал бұған тәуелсіз дәрігерлер не айтады?

– Тамыз айында әлеуметтік сауалнама жүргіздік. 3,7 млн қазақстандық коро­навируспен ауырған. Шамалауымызша, бұл сан – 4,5 млн. Яғни, қоғамдық иммунитет қалыптасты. Індет жұқтырғандар көбей­генімен, жаздағыдай қайғылы оқиға көп бола қоймайды деп болжаймын. Бұл мәселенің көтерілгені дұрыс, егер эпи­демиялық ахуал өзгеріссіз тұрса, індет жағдайы қызыл деңгейге түсіп кетпесе, мектептерді ашу керек. Білім сапасы маңызды екеніне көзіміз анық жетті. Пандемиядан кейін не болады? Соны ойласақ дәстүрлі оқуды қайтарғанымыз жөн, – дейді медицина сарапшысы Қайырғали Көнеев.

Өзге елдерде қалай?

Дүниежүзілік банктің дерегінше, пан­демия басталған кезде 162 елдің мектептері толығымен жабылған екен. Дегенмен індетке қарамастан, білім беру мекемелері жұмысын тоқтатпаған елдер де жетерлік. Тізбектей жөнелсек, бас-аяғы 45 ел мек­тептерді жаппаған. Көбі Еуропа елдері. Бұл бір жағынан балалардың денсаулығын ойламау дерсіз, бірақ олар үшін пандемиядан кейінгі өмірдегі білім сапасы маңызды секілді. Мәселен, Бельгия, Швейцария, Германия, Франция, Жапония, Норвегия, Швеция сияқты елдерде мек­тептер дәстүрді бұзбай, 1 қыркүйектен бастап өз жұмыс­тарына кіріскен.

білім

Германия мен Англияда қатаң карантин жарияланып, барлық нысан  – ойын алаңдарынан бастап базарға дейін, кино­театр, үлкен өндіріс орындары қашық­тан жұмыс істеуге көшкен. Бірақ бала­бақшалар мен мектептер ашық. Себебі бұл елдерде білім басты орындағы құндылық. Десек те, олар қашықтан оқыту формасын баяғыда-ақ сынақтан өткізіп қойған. Бізге қарағанда тәжірибелері де мол. Мәселен, Ұлыбритания, Аустралия сияқты елдерде виртуалды көзіл­діріктер оқушыларды қашықтан оқыту үшін бұдан бұрын да қолданысқа еніпті. VR көзілдіріктің көмегімен сыныпта отырғандай боласыз, одан бөлек басқа оқушыларды көруге, сабақ барысын бақылауға болады. Алайда Ұлыбритания ғалымдары мұндай техно­логиялардың пайдасы ойдағыдай болмайды деген тұжырым жасаған. Олардың пікірінше, мұғалім мен оқушы бетпе-бет жүздесіп өткізілетін дәстүрлі дәрістер ғана білім сапасына кепіл бола алады.

Түйіндей келе айтарымыз, талқысы көп дүниенің бір тоқтамға келер уақыты жеткенін ұқтық. Айтпағымыз, мектептерді аша берген дұрыс сияқты. Бұлай айтуға толық негіз бар. Мысалы, мектепке барып жүрген оқушыға қарағанда қашықтан оқып жатқан бүл­діршіндер көбірек дерт жұқтырған. Екі жолдың да қауіптілігі тең деңгейде.

мадиярМадияр ТӨЛЕУ

 
Тегтер: біліміндеткарантинмектепмұғалім
Алдыңғы жаңалық

Адам саудасы – құлдық пен қайыршылық

Келесі жаңалық

Ер адам өгей қызын 3 жылдан астам уақыт зорлап келген

Ұқсас жаңалықтар

Недовесов
Жаңалықтар

Недовесов жұптық сында Forte Challenger 125 турнирінің жартылай финалына шықты

Наурыз 5, 2021
Жамбыл
Жаңалықтар

Жамбыл облысында бес күнде 42 есірткі қылмысы тіркелді

Наурыз 4, 2021
велосипед
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны үйдің кіреберісінде тұрған велосипедті ұрлап кеткен

Наурыз 4, 2021
қыз
Жаңалықтар

Көкшенің қыз Жібегі: «Өмірлік өнер мектебім» кітабы жарыққа шықты

Наурыз 4, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Недовесов жұптық сында Forte Challenger 125 турнирінің жартылай финалына шықты

Наурыз 5, 00:24

Жамбыл облысында бес күнде 42 есірткі қылмысы тіркелді

Наурыз 4, 23:44

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны үйдің кіреберісінде тұрған велосипедті ұрлап кеткен

Наурыз 4, 23:23

Көкшенің қыз Жібегі: «Өмірлік өнер мектебім» кітабы жарыққа шықты

Наурыз 4, 23:03

Анасы бір жарым жасар қызын өлтіргенін 11 жылдан кейін мойындады

Наурыз 4, 22:34

Жас жігіт қоймаға білдірмей кіріп, жеңіл сатыны ұрлап кеткен

Наурыз 4, 22:01

«Almaty CPS» компаниясының өкілдері «Рахат» базары саудагерлерінің талабына жауап берді

Наурыз 4, 22:01
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Недовесов

Недовесов жұптық сында Forte Challenger 125 турнирінің жартылай финалына шықты

Наурыз 5, 2021
Жамбыл

Жамбыл облысында бес күнде 42 есірткі қылмысы тіркелді

Наурыз 4, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»