Қарағандылық депозиттегі ақшасын қайтара алмай жүр – (видео)
Қарағандылық депозиттегі ақшасын қайтара алмай жүр – (видео)
124
оқылды

Қарағанды ​​қаласының тұрғыны Александр Ли отбасының банктегі депозитке салған 27 миллион теңгесін қайтара алмай жүргеніне бір жылдай болыпты.

Телеарнаның хабарлауынша, ол - өзінің және әйелі мен қызының үш депозитіндегі ақша.  Міне, осында барлығы 27 миллион теңге жинақталған. Александр ол қаражатты өткен жылдың желтоқсанында алмақшы болған. Бірақ банкирлер банкте ондай ақшаның жоғын сылтауратып, қайтарып беруден бас тартқан.

«Дәл қазір 9 миллион теңге көлеміндегі депозитті жабуды талап етіп едім, олар одан бас тартты. Олардың «біз аз мөлшерде ғана ақша бере аламыз, ертең келіңіз» деп жүргеніне бір жылдың жүзі болды. Бұл мәселені не банк те, мемлекеттік органдар да шешіп жатқан жоқ», - деп шағымданды ол.

Әрине, банк клиент алдындағы өз міндетін орындауы міндетті екенін біледі. Дегенмен банк сарапшылары мәселенің қашан шешілтенін нақты кесіп айтқан жоқ. Олардың айтуынша, бұл төлем ұйымның басқа қаржы институтымен қосылуына байланысты кешіктірілуде. Екіншіден, қазір салымшылардың көпшілігі қаржысын қайтарып алуда. Сол үшін де банкирлер оның жағдайға түсіністікпен қарап, күте тұруын сұраған. [embed]https://youtu.be/qRrusv_1-VQ[/embed] Мәселе шешімін таппаған соң қарағандылық азамат банкирлердің үстіне шағым түсірген. «Жағдайды бақылауға алдық» деген шенеуніктер ақырында «банк пен клиент арасындағы келісімге кірісе алмайтынын» сылтауратып, сөздерінен тайқып шықты. Олар енді ол  мәселені тек сот арқылы шеше алатынын жеткізді.

«Құқықтық алаңға бәрін шығару керек. Алдымен екеуара дауды шешу үшін сотқа дейінгі процедурасын жүргізу қажет. Егер бұл процедуралар тиімсіз болса, онда соңғы саты – сот. Содан кейін сот шешімі ақша жинау туралы болса,  орындалады. Сонда ғана банкте не бар, оларда не жоқ екені анықталады. Өкінішке қарай, бүгінде адамдар бұл құқығынан айырылған. Олар нақты объективті жағдайды түсінбейді», – деді адвокат Ирина Пилипенко.

Ал Александр болса, іс сотқа дейін барса, ақшаның қайтарылуы созылып кетеді деп қорқуда. Себебі, ол жақында ғана пәтер сатып алып, оның ақысын депозиттегі ақшадан беріп құтыламын деп ойлаған. Бірақ мұның арты созылып кетті. Тез арада пәтердің төлемақысын жүргізбесе, ертең ол баспанасыз қалуы ықтимал. Сондықтан ол  бұл жағдайға мемлекеттік органдардың араласуын сұрап отыр. Банк болса, компанияға ақша құйылуын күтіп отырғанын айтып, мәселенің қараша айының соңына дейін шешіледі деп уәде етуде.