«Сарайшық» журналы жарық көрді
«Сарайшық» журналы жарық көрді
124
оқылды

Бүгін Атырау қаласындағы Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында «Сарайшық» журналының тұсаукесері өтті. Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен «Атырау-ақпарат» медиахолдингі жанынан шығатын мерзімді басылым әдеби-мәдени, тарихи-танымдық бағытта болмақ.

– Сарайшық шаhары – ұлттық санамыздың баға жетпес асыл қазығының бірі. Соның ішінде ең маңыздысы – әсем қаланың Ұлы Жібек жолындағы ұлттық руханият пен мәдениеттің ғажайып ошағына айналуы. Міне, сол ата-бабаларымыздың керемет үрдісін қайта жаңғыртар шақ бұл. Жаңа журналдың атауының намысты қамшылар, санаға шуақ шашар мәні де осында, – деді шарада сөз алған облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.⠀ Журнал беттерінен тек облыс аумағындағы ақын-жазушылардың ғана емес, еліміздің қабырғалы қаламгерлерінің бұрын-соңды жарық көрмеген тың дүниелері жарияланып тұрмақ. – Журналдың «Сарайшық» аталуының өзіндік символикалық ерекше мән-мағынасы бар, – дейді «Атырау-ақпарат» медиахолдингі өкілдері. – Кезінде өркениеттің бастауы болған бұл шаһар Ұлы Жібек жолы бойындағы ұлттық тарихымыз бен мәдениетіміздің мәңгі мәйегіне, руханиятымыздың ғажайып ошағына айналған. Ен­деше осынау шежірелі ша­һар атауы келешекте ұлттық сана­мыздың баға жетпес асыл қазығы­ның бірі болуы тиіс. Басылымның ақылдастар алқа­сында ақын, Жазушылар ода­ғының төрағасы Ұлықбек Ес­дәулет, жазушы, мемлекеттік сый­­лықтың иегері Дулат Исабеков, ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сый­лығының лауреаты Ғалым Жай­лыбай, композитор, жазушы, өнер зерттеушісі Илья Жақанов, ға­лым, филология ғылымдарының док­торы Ғарифолла Әнес секілді көр­некті қаламгерлер мен ғалым­дар бар. Журналдың салтанатты тұсау­кесер рәсіміне облыс басшылығы, жергілікті журналистер мен ғалым­дар, сондай-ақ Асанәлі Әшімов, Алтынбек Қоразбаев, Ғалым Жайлыбай, Светқали Нұржанов, Жанарбек Әшімжан, Бауыржан Халиолла, Дәулеткерей Кәпұлы секілді ұлт зиялылары қатысты.

Ж.ҒАЛЫМҰЛЫ