Әйел «қатерлі ісікпен ауырамын» деп елді алдап, еміне 25,5 миллион теңге жинап алған
Әйел «қатерлі ісікпен ауырамын» деп елді алдап, еміне 25,5 миллион теңге жинап алған
110
оқылды

42 жастағы Николь Элкаббас өзі сырқат емес дертті, қатерлі ісіктен емделу үшін онлайн-қаражат жинау акциясын ұйымдастырған.

Ол қаражатты 2017 жылдың ақпанында жинай бастаған. GoFundMe компанияның сипаттауынша, оның өлім аузында жатқаны әрі Испанияда күрделі операция жасауға бірнеше апта ғана қалғаны айтылған. Оған қоса, оның жағдайын жақсарта алатын дәрі-дәрмектің қымбат тұратыны жеткізілген. Сөйтіп, компания ауруханада төсек тартып жатқан әйелдің суретін жарнамалап, қайырымдылық акциясын өткізген.

Сөйтсе, ол сурет оның өт қабын емдеу кезінде түсірілген екен. Ол жиналған ақшаны саяхатқа, құмар ойындарға жұмсаған екен. ВВС-дің мәлімдеуінше, полицейлер алаяқтық жасады деген күдікпен тергеу жұмыстарын бастап, келіншекті тергей бастағанда ол кінәсін мойындап шыққан. Өткен жылы компанияның өтірік қайырымдылық жасалғаны анықталған соң, олар ақшаны қайтарғанын мәлімдеді.