Ер адам сүйіктісінің баласын терезеден лақтырып жіберді
Ер адам сүйіктісінің баласын терезеден лақтырып жіберді
5,103
оқылды
 Оқиға Санкт-Петербургтегі Дыбенко көшесінің аумағында болған. Ер адам азаматтық некеде тұрып жатқан келіншектің ұлын 3 қабаттың терезесінен лақтырып жіберді.  

 Төтенше жағдайлар қызметінің мәлімдеуінше, ер адам аяқасты балкондағы есікті ашып, үйдегі киім-кешектерді далаға тастай бастаған. Сол кезде келіншек сыртқа шығып, заттарын жинап алмақшы болады. Соның арасынан әйел баласының қозғалыссыз жатқанын байқайды. Ол - 2007 жылы туған бала мүмкіндігі шектеулі жан екен.

Куәгерлердің айтуынша, ер адам 13 жастағы мүгедек баланы балкондағы терезеден лақтырып жіберген. Бала бірден ауруханаға жеткізіліп, жан-сақтау біліміне жатқызылды. Қазір ол хәл үстінде жатыр. Күдікті ұсталып,  оған Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің «Адам өлтіруге оқталу» 30-бабы 3-бөлігі, 105-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.