Елбасы: Әлемде бейбітшілікті насихаттайтын беделді жаһандық платформа құру қажет

Елбасы: Әлемде бейбітшілікті насихаттайтын беделді жаһандық платформа құру қажет

Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ядросыз әлем үшін жаһандық көшбасшылар альянсын құруды ұсынды.

«БҰҰ сессияларының бірінде «Әлем және ХХІ ғасыр» манифесімде соғыс пен ядролық қарудан түбегейлі бас тартып, Тұрақты әлем географиясын қалыптастыру қажеттігін айтқан едім. Жаппай қырып-жою қаруын таратпау халықаралық жүйесі негіздерінің жоғалуынан және Иран мен Корея халықтық демократиялық республикасының ядролық бағдарламаларының шиеленісуінен бұл мәселе өзектілене түсті. Әлемде ядролық қарусыздандыру мен таратпауды насихаттайтын беделді жаһандық платформа құру қажеттігі артып келеді. Осыған байланысты, Ядросыз әлем үшін жаһандық көшбасшылар альянсын құру бастамасын көтеру қажет деп есептеймін. Біздің клуб қатысушыларына осындай халықаралық бірлестік құру келешегін талқылауды ұсынамын», — деді Елбасы.