Өзбекстанда туған қазақ дирижері Алматыда концерт өткізеді

Өзбекстанда туған қазақ дирижері Алматыда концерт өткізеді

Қарашаның 15 жұлдызында «Qurmangazy orkestri» концерттік залында Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаты, Өзбекстан Ұлттық симфониялық оркестрінің бас дирижері Әлібек Кабдурахмановтың «Классика тербетеді» атты концерті өтеді.

Ташкент қаласында дүние есігін ашқан қазақ баласы алғаш рет Ата-қонысында жеке кешін өткізбекші. Кешке Г.Дәуірбаева, Б.Мықтыбаев, Т.Рахметов, Ә.Рақымжан сынды елімізге еңбегі сіңген өнер иелері қатысады деп күтілуде.