Алтай Көлгінов кафедегі жарылыстан көз жұмған қыздың туыстарына көңіл айтты
Алтай Көлгінов кафедегі жарылыстан көз жұмған қыздың туыстарына көңіл айтты
124
оқылды

Елордада дәмханадағы газ баллоны жарылуы салдарынан қаза тапқан қыздың отбасына көмек көрсетіледі. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

"Газ баллон жарылған кезде бөлмеде болған қыздың отбасы мен туыстарына көңіл айтамын. Марқұмның отбасына көмек көрсетіледі. Төтенше жағдайды тергеу үшін арнайы комиссия құрылды. Жедел штаб құрылып, психологиялық және ақпараттық қолдау көрсету үшін жедел желі 24-51-71, 24-51-47 құрылды", - деп жазды Алтай Көлгінов. Сондай-ақ қала басшысы төтенше жағдайлар департаменті мен полиция департаментіне қаладағы басқа да қоғамдық тамақтану нысандарын өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын тексеруді тапсырғанын мәлім етті. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, кафедегі жарылыс салдарынан әртүрлі деңгейдегі жарақат алған 33 адам ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта зардап шегушілер тексерістен өтуде, оларға қажетті ем-дом қолданылып жатыр. "Қазір оқиға орнында 3 жедел жәрдем бригадасы кезекшілік етіп отыр. "103" қызметінің 22 бригадасы жұмылдырылды", - деді ҚДСБ.