Алматы әуежайының сатылатыны туралы ақпаратқа министр жауап берді
Алматы әуежайының сатылатыны туралы ақпаратқа министр жауап берді
156
оқылды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Алматы халықаралық әуежайының сатылатыны жайлы ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

«Бүгінде бір түрік компаниясымен келіссөз жүріп жатыр. Дәл қазіргі сәтте пікір білдіре алмаймын. Бұл әзірше аяқталмаған мәміле сияқты. Алматы әуежайы жеке компанияның меншігінде тұр. Сондықтан сатылым жүріп жатыр. Бізбен келісілуі тиіс сәттер бойынша Азаматтық авиация комитеті қажетті келіссөздерді жүргізіп жатыр. Меніңше, сервистік қызмет көрсету сапасын жақсарту және қосымша инвестиция тарту бөлігінде бұл жақсы қадам болмақ. Білуімше, басқаруында бірнеше әуежай бар компания келеді. Оның басқаруында Францияда екі әуежайы бар сияқты», — деді министр.

Бұған дейін Тимур Құлыбаев Алматы әуежайын сатуға келіскенін жазған болатынбыз.