Өскемен қаласында өрт шыққан көп қабатты тұрғын үйден 30-дан астам адам эвакуацияланды.
ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше түнде Крылов көшесіндегі тоғыз қабатты үйдің 4 қабатында орналасқан пәтер лоджиясында өрт шыққан. Пәтер иесі өртті өзі сөндірмек болған. Бірақ одан түк шықпаған. Содан өрт сөндірушілерге хабарласқан.Көп ұзамай жалпы ауданы 6 шаршы метрді құраған өрт өшірілді. Өрт сөндірушілер оттың пәтер ішіне тарап кетуіне жол бермеді. Алдын ала мәлімет бойынша тілсіз жаудың шығу себебі – тоңазытқыштың тоқ өткізгішіндегі апаттық режимінен болуы мүмкін.«Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар тілсіз жауды сөндіруге кірісті. 34 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Зардап шеккен ешкім жоқ», - деп хабарлады ведомство өкілдері.