COVID-19: Төртінші толқынға дайындық басталды
COVID-19: Төртінші толқынға дайындық басталды
132
оқылды

Өткен тәулікте Гонконгте COVID-19 жұқтырудың 40-тан астам дерегі тіркелді. 60-сы әлі расталмаған. Бұл туралы South China Morning Post хабарлады.

Жексенбіден бастап Гонконгта жаңа шектеу шаралары күшіне енеді. Ол бес күнге созылады. Осы уақыт аралығында сауық кештерін ұйымдастыруға арналған нысандар жабылады. Ал пабтар мен түнгі клубтарда жанды қойылымдарға тыйым салынады. Ережені бұзғандар бірден жауапқа тартылады. Олар 6500 доллар көлемінде айыппұл арқалап, 6 айға дейін бас бостандығынан айырылады. Жергілікті биліктің хабарлауынша, қалада науқастар саны артып барады. Ал вирус ошағы әлі анықталмаған.