Ақтөбе облысында төбелестен кейін қайтыс болған жасөспірімнің өліміне қатысы бар күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Ақтөбе облысының Заречный-3 ауылында кәмелетке толмағандар арасындағы төбелесте бір адам қаза тауып, екі адам пышақталды.
Оқиға 10 қарашада болған. Кісі өліміне күдікті қамауға алынды.
«Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-ші, 7-ші, 9-шы және 14-ші тармақтары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды»,– деді Ақтөбе облысының полиция департаменті.
Қылмыстық кодекстің 15-бабына сәйкес, қылмыс жасаған кезде 14 жасқа толған адамдар мына баптар бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады: кісі өлтіру (99-бап), қасақана ауыр зиян келтіру (106-бап). ), терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау (279-бап) және басқа да ауыр қылмыстар.