Шаштараз қызметкері клиентін өлімнен сақтап қалды
Шаштараз қызметкері клиентін өлімнен сақтап қалды

Оқиға ағылшынның Уоттон-андер-Эдж қалашығындағы Глостершир графтігіндегі шаштаразда болған.

LADBible-тің мәлімдеуінше 82 жастағы Джеймс Маккензи шаштараз Керрин Тейлорға шаш алдыртуға келген. Шаш алып тұрғанда Керрин оның құлағының артында ісікті байқап, терапевтке баруды ұсынған. Бірақ қария оған мән бермей, қоя салған.

Клиентін уайымдаған шаштараз олардың жағдайын отбасылық досына айтып берген. Ол да осы жерде шашын алдыртады екен. Досы Джеймстің жағдайын қызы Клэрге естірткен. Содан қызы қоймай жүріп, әкесін ауруханаға апарып, денсаулығын тексерткен.

Жақында ғана пайда болған ісік, қатерлі ісіктің бір түрі болып шыққан. Дәрігер болса оның уақытында келгенін айтып, ісікті алуға байланысты отаны жақын араға жоспарлап та қойған. "Осының арқасында шашатараз клиентін бір өлімнен аман алып қалды деуге болады" дейді қызы Клэр.