Әжесінің жоғын пайдаланған немере, оның пәтерін жалға беріп тастаған
Әжесінің жоғын пайдаланған немере, оның пәтерін жалға беріп тастаған
146
оқылды

Аяқасты үйіне оралған әжей, бейтаныс адамдарды көріп, қорыққанынан полицияға хабарласқан.

Полиция департаментінің мәлімдеуінше, хабарлама  кеше сағат 23: 30-да 65 жастағы астаналық тұрғынның 18 жастағы немересі пәтерге бейтаныс адамдарды кіргізіп алды деген хабарлаған. Полиция анықтағандай, кәмелеттік жасқа толмаған үш бозбала Астанаға қыдырып келген.

«Ақмола облысының Максимовка ауылында тұратын жасөспірімдер астанадағы 18 жастағы досына қонаққа келген. Оған 5 мың теңге төлеп, бір тәулікке пәтер жалдамақшы болған. Әжесінің сол күні болмайтынын пайдаланып, аздап тиын-тебен тауып алмақшы болған ол пәтерді өткізіп жіберген.  Ал немересінің бұл әрекетін әжесі хабарсыз болған. Сөйтіп, үйге аяқасты оралған әжесі немересінің қылығын әшкере етті», - деп жазылған хабарламады. Патрульдік полиция Есіл көшесіндегі осы пәтерден 17 жастағы үш ұлды «Нұр-Сұлтан» ПД Алматы ауданына жеткізіліп, ата-аналары шақырылды. Олармен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, заңды өкілдеріне қатысты ӘҚБтК-нің 442 бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.