Тағы екі спортшымыз Олимпиадаға жолдама алды
Тағы екі спортшымыз Олимпиадаға жолдама алды
5,125
оқылды

Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан қазіргі бессайыстан лицензиялық Азия чемпионатында екі қазақстандық Олимпиадаға жолдама алды.

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті хабарлағандай, құрлық додасында ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сын аяқталды. Жарыс нәтижесі бойынша, Қазақстан командасының мүшелері Елена Потапенко мен Павел Ильяшенко Олимпиада жолдамасына қол жеткізді.

«Елена Потапенко Азия чемпионатынан 12-ші орын иеленіп, Олимпиадаға жолдама алды. Олимпиадаға іріктеу турнирінің ережесіне сәйкес, құрлық бәсекесінде 5 жолдама сарапқа салынды. Әр елден тек бір спортшы ғана лицензияға үміткер бола алады. Потапенконың алдында Оңтүстік Кореяның – төрт, Жапония мен Қытайдың – үш, Өзбекстанның бір спортшысы бар. Осылайша, Елена Потапенко #teamKZ қоржынынан 24-ші жолдаманы салды. Ерлер арасында Павел Ильяшенко төртінші орын иеленіп, Токио ойындарына қатысу мүмкіндігін алды», – делінген комитет мәліметінде.

Айта кетейік, Токио Олимпиадасына 25 лицензиямыз бар.