Елордадағы дәмханада болған жарылыстан зардап шеккен 23 адам ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
«Барлығы 35 адам зардап шекті. Олар бірден қалалық стационарларға жеткізілді. Медицина мамандарының тексеруінен кейін 23 адам ауруханаға жатқызылып, жеңіл-желпі жарақат алған 11 адам амбулаторлық ем алуға жіберілді», - деп жазылған хабарламада.
Ведомство мәліметінше, түрлі деңгейде күйік шалып, орташа деңгейде газға уланып қалған пациенттер №1 және 2 қалалық көпбейінді ауруханаға, ал жарақат алып, миы шайқалған науқастар қалалық ауруханалардың бейінді бөлімшелеріне жатқызылған.