Таразда белгілі тұрағы жоқ адамдар ПТР тесті тегін тапсырады
Таразда белгілі тұрағы жоқ адамдар ПТР тесті тегін тапсырады
136
оқылды
Тараз қаласында үйсіз-күйсіз жүргендер коронавируске  қатысты ПТР тесті тегін тапсырады. Мұндай шешімді Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығы қабылдады. Жалпы бұған дейін  белгілі тұрағы жоқ азаматтар әлеуметтік бейімдеу орталығына кіре алмай жүргені туралы ақпарат тараған  болатын. Оған себеп - келушілерден коронавирус дерті жоқ екенін растайтын сынама нәтижелері талап етілген. Осыған қатысты орталық екі жаққа да ұтымды шешім қабылдап отыр. - Түйткілдің түйінін тарқату  үшін мамандарымыз  келушілерді «Ұлттық экспертиза орталығының» филиалына апарып, сол жерде тегін ПТР-сынама алдырады. Нәтижесі шыққанша  олар уақытша фильтр бөлмеде болады. Теріс нәтиже көрсеткен  жағдайда келуші 14 күндік карантинге оқшауланады. Сол уақыт өткен соң ғана азаматты  жалпы палатаға орналастырамыз, - дейді орталық директоры Гаухар Сейітқазиева.

Сатылғанов Саятхан.