Өрттен аман қалған миллион теңге
Өрттен аман қалған миллион теңге

ШҚО-да өрт сөндірушілер өрттен ешқандай зақымсыз миллион теңгені алып шыққан. Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласындағы өрт жайында облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

[caption id="attachment_89454" align="alignnone" width="1024"]миллион ©Сурет интернеттен алынды[/caption]

«Түнде Семей көшесіндегі үйлердің бірінде өрт шықты. Үйдің иесі құтқарушыларға бөлмеде екі газ баллоны, ақша мен құжаттар қалғанын айтты», - деді баспасөз қызметі.

[caption id="attachment_89455" align="alignnone" width="1024"]миллион ©Сурет интернеттен алынды[/caption]

Өрт шарпығанына қарамастан, өрт сөндірушілер екі баллонын алып үлгеріп, жанып жатқан бөлмеден ақша мен құжаттарды тауып, оны иесіне  тапсырған екен. Кейінірек белгілі болғандай, өрт пештен шыққан. Онда да ол жерде өрт қауіпсіздігінің талаптары сақталмаған екен.