Қазақстанның каскадерлері әлемді мойындатты
Қазақстанның каскадерлері әлемді мойындатты
132
оқылды

"Томирис" фильмі Әлемдік каскадерлер академиясының "Таурус" сыйлығына ие болды.

«Таурус» біздікі! Сіздермен үлкен қуанышымызбен бөлісуге асықпыз: «Томирис» фильмі Әлемдік каскадерлер академиясының (АҚШ) «Таурус» сыйлығын жеңіп алды. Бұл – каскадерлердің «Оскары» саналатын жоғары марапат. Тұңғыш рет еліміздің тарихында қазақстандық фильм «Шетелдік фильмдегі трюктер қойылымы» номинациясында үздік деп танылды. Nomad Stunts-қа сенгендеріңіз үшін және қолдауларыңыз үшін көп рахмет! Ақан Сатаев пен «Томирис» фильмінің командасына алғысымызды білдіреміз», – деп жазылған Nomad Stunts тобының Facebook-тегі парақшасында.