4 жыл бойы аузына бір жұтым су алмаған қыз
4 жыл бойы аузына бір жұтым су алмаған қыз

36 жастағы Алисаның сусыз диетаға көшкеніне 4 жыл болыпты.  Негізінен  барлық дәрігерлер мен диетологтар күніне 2 литр ішуге кеңес беретіні белгілі. Ал ол сұйықтықты бойжеткен көкөністерден, жемістерден, шырындардан және кокос жаңғағынан алуға шешім қабылдапты. Себебі оның пікірінше, мұндай су табиғатынан барынша таза сүзіледі.

Алиса бұрын Лондонда тұрған, оның жора-жолдастары да, жақсы жұмысы да болған. Соған қарамастан ол бақытсыз еді. Бір күні Таиландқа көшіп кетуге шешім қабылдады. Міне, сол жақтан Тони Завастаның «Кванттық тамақтану: жастықтың нағыз эликсирі» атты кітабына тап болған. Қазір Алиса өсімдіктерден алынған таза өніммен ғана дене жасушалары қалыпты қоректене алады деп сенеді.

Ал диетолог Сара Миллердің айтуынша, бойдағы ылғалды толықтыру үшін жемістерді көп жеу қажет. Алайда ол қандағы қант деңгейінің жоғарылауына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, қарапайым су организмдегі бүйрек арқылы өтетін өзге элементтерді сұйылтуға көмектеседі. Ал ол дегеніміз, бүйрек жұмысын жеңілдетеді. Алиса бұл диетаны пайдалы деп отыр. Сондықтан басқа мамандардың кеңесіне құлақ аспай, өзгелерді де осы диетаны ұстауға шақырады.