Әскери киімді заңсыз кигендерге айыппұл салынады
Әскери киімді заңсыз кигендерге айыппұл салынады
103
оқылды

Қазақстандықтар енді әскери киім киемін деп айыппұлға тап болуы мүмкін. Атыраулық әскери полицейлер бүгінде әскери киімді заңсыз киіп жүрген азаматтарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ескертуді елемегендерге айыппұл салынады екен.

Арнайы дүкендерде ашық сатылатын әскери киімге сұраныс өте жоғары. Сапасы жақсы киімнің бүгінгі күні бағасы да қолжетімді. Алайда, әскери емес азаматтарға ондай киімді киюге рұқсат жоқ.

Ақпарат өкілдерінің айтуынша, тәртіп сақшылары әзірге бұл мәселеге қатысты тек ескерту жасап жүр. Болашақта заңды бұзғандарды жауапкершілікке тарту қолға алынады.

Әскери киім үлгілерін заңсыз кию деректерін анықтау мақсатында өткен акция кезінде қазан айынан бері 28 тұрғынға ескерту берілген. Тәртіп сақшыларының сөзінше, осындай заңсыздық қайталанатын болса, заңнамаға сәйкес жеке тұлғаларға 5, ал заңды тұлғаларға 25 АЕК көлемінде айыппұл салынбақ.