Күн райы бұзылады
Күн райы бұзылады

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлайды Қазгидромет.

Атап айтқанда, 13 қарашада Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады.

Маңғыстау облысының кей жерлерін тұман басады.

Ал Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстікке ауысады. Екпіні – 18 м/с.