Автожолда көктайғақты болдырмайтын жаңа технология
Автожолда көктайғақты болдырмайтын жаңа технология
140
оқылды

Биыл Қазақстандағы автожолдарда көктайғақты болдырмаудың жаңа тәсілдері енгізіледі. Бұл туралы Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында «QazAvtoJol» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ұлан Әліпов мәлім етті.

«Қыс мезгілі енді ғана басталып жатыр. Соңғы күндері жаңбырдан кейін қардың түсуі, содан кейін оның қатуы салдарынан жолды көктайғақтан жылдам тазарту қиынға түсіп жатыр. Қазіргі кезде жолдардағы қозғалыс қамтамасыз етілді», – деді Ұ.Әліпов.

Осы орайда, биыл компания көктайғақтан тазартудың жаңа технологиясын енгізу жоспарланып отыр.

«Қазіргі кезде тексеруден өткен барлық технологияны іске асырып келеміз, енді көктайғақты болдырмаудың жаңа технологиясын енгіземіз. Бұл тұрғыда кейбір ескертулер бар, сондықтан осы бағытта тиісті шараларды іске асырамыз. Бүгінде Нұр-Сұлтан мен Бурабай аралығындағы жолда QazAvtoJol қызмет көрсетуде, ал қалған ақылы жолдарды «Қазақавтожол» компаниясы қамтып отыр. Осыған қатысты мәселелерді пысықтайтын боламыз», - деді Ұ.Әліпов.

Сонымен қатар, автожолдардағы мәселелер бойынша ел тұрғындары тәулік бойы шұғыл байланыс желісіне хабарласа алады.

«1403 нөміріне телефон шалуға болады, яғни тәуліктің кез келген уақытында ақысыз түрде хабарласа аласыздар»,– деді «QazAvtoJol» ҰК» АҚ басқарма төрағасы.