Болгарияда Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 және Абайдың 175 жылдығына арналған пошталық марка шықты.
Жобаны Қазақстанның Софиядағы елшлігі мен сол елдің пошта компаниясы жүзеге асырған. Салтанатты рәсімге Қазақстан елшілігі және Болгария үкіметі мен парламентінің өкілдері қатысты. Болгария халық жиналысы төрайымының айтуынша, мұндай іс-шара екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайта түседі. Салтанатты рәсімде болгар тіліне аударылған Әл-Фараби туралы кітаптың тұсаукесері өтті. Қонақтарға болгар тіліне аударылған Абайдың қара сөздері мен «Құнанбай» фильмінің таспасы таратылды.