Темір шарбаққа түйреліп қалған құрылысшыны аман алып қалған дәрігер
Темір шарбаққа түйреліп қалған құрылысшыны аман алып қалған дәрігер
325
оқылды

Оқыс оқиға Орал қаласында болған, ­­– деп жазады дәрігер Бақтияр Ташкенбаев.

Оралдағы 7-ықшамауда­нын­­да «Бавария» кафесінің ғи­­ма­ра­тын жөндеп жатқан жұмысшы байқаусызда құлап кеткен. Шатырды жөндеп жатқан құрылысшы техника қауіпсіздігі талаптарын сақтап, қауіпсіздік белдігін таққанын айтқан. Бірақ құрылысшы шатырдан ұшып кетіп, темір қоршаудың үшкір теміріне қалай қадалып қалғанын білмейді.   [caption id="attachment_89533" align="aligncenter" width="576"] width= Фото: Б.Ташкенбаевтың Facebook-тағы парақшасынан алынды.[/caption] Зардап шеккен құрылысшы жедел жәрдеммен шұғыл жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген. Білікті дәрігерлердің көмегімен темір қоршауды алып, шұғыл ота жасаған.   [caption id="attachment_89532" align="aligncenter" width="755"] width= Фото: Б.ташкенбаевтың Facebook-тағы парақшасынан алынды[/caption]

Құрылысшыны ота жасап аман алып қалған хирург Бақтияр Таш­кен­баев жедел жәрдем қызметкерлері мен құтқарушылардың көмегінің арқасында науқасты аман алып қалғанын айтады. Ол ­­­– С.Асфендияров атын­дағы Қазақ ұлттық меди­цина уни­верситетінің түлегі. «Болашақ» бағ­дар­ламасымен Оңтүстік Кореяда білім алған.

[caption id="attachment_89535" align="aligncenter" width="720"] width= Фото: Б.Ташкенбаевтың Facebook-тағы парақшасынан алынды.[/caption] Құрылысшының өмірі үшін күрескен хирургтер: Бақтияр Тәш­кен­баев, Ерлан Нұрышев, Ра­шид Дүйсенбеков, уролог Владислав Пономаренко, анесте­зиолог-реаниматолог Ма­рат Нұрғалиев пен Шынар Фаскинаның кәсіби шеберлігінің арқасында науқас жазылып, ауруханадан үйіне шыққан.   [caption id="attachment_89536" align="aligncenter" width="720"] width= Фото: Б.Ташкенбаевтың Facebook-тағы парақшасынан алынды.[/caption] [caption id="attachment_89537" align="aligncenter" width="720"] width= Фото: Б.Ташкенбаевтың Facebook-тағы парақшасынан алынды.[/caption]