YouTube 10 желтоқсаннан бастап аккаунтарды бұғаттайды
YouTube 10 желтоқсаннан бастап аккаунтарды бұғаттайды
189
оқылды

YouTube сайтына кірушілер пайдаланушылық келісімшарттағы жаңа ережені көріп, оған наразылық білдіруде.

YouTube қызметі өзінің қалауынша кез келген арнаны өшіріп тастай алады.

Сервис «коммерциялық мәні» болмаса, ол арнаны толығымен немесе ішінара бұғаттап тастауға ерікті. Бірақ ол нақты қандай жағдайда жүзеге асатыны түсіндіріліп, мысал келтірілмеген.

 «YouTube-тің сервистік қызметі «коммерциялық мәні жоқ» деп тапқан аккаунттың қызметін тоқтатып, қызмет көрсетпеуге құқылы» деп жазылған компания бөлімінде.

Талқылау барысында, бұл заң 2019 жылдың 10 желтоқсанында күшіне енеді. Ондай жағдайда YouTube компанияға пайда әкелмесе, кез келген аккаунты жоюға құқылы.

Сервистің пайдаланушылары бұл жағдайға наразылық білдіріп, тіпті контент авторларының одағын құруға шақырды.