Түнгі клубқа тексеру келгенде дәретханаға тығылып қалғандар ұсталды
Түнгі клубқа тексеру келгенде дәретханаға тығылып қалғандар ұсталды
149
оқылды

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, шектеуге қарамастан, кейбір көңіл көтеру орындары карантин талабын бұзып отыр.

«Палладиум» сауда үйіндегі «ФСБ» түнгі клубында сағат 22.42-ден кейін де мұнда көп адамның көңіл көтеріп жүргені әшкереленді. Жауапкершіліктен қашпақ болған кейбір келушілер тіпті әжетханаға тығылды. Соның ішінде біреуі әжетхана ішінде қабырғадағы тесікке тығылып, тақтайдың тасасына жасырынбақ болғанымен, полицейлерден құтыла алмады.

Түнгі клубта болған 80-нен астам адамның бәріне әкімшілік хаттама, сондай-ақ нысанның иесіне қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 425-бабына сәйкес хаттама толтырылды.