Аурухана ұжымы Денсаулық сақтау басқармасының басшысына видеоүндеу жолдап, жазбаша хат жазған.
Ұжым бас дәрігердің қызметкерлерге дөрекілік танытып, агрессия көрсететінін, үстемеақыны алып тастағанын, бұдан бөлек мейірбикелерді өзінің Алакөлдегі демалыс орнында жұмыс істеуге мәжбүрлейтінін және жас қыздарға интим ұсынғанын мәлімдеді. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіндегілер бұл жағдай туралы білетінін айтты. Ауруханаға облыстың Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жайық Жұмақанов тексеру үшін кеткен.«Үржар ауданындағы медициналық мекеме қызметкерлерінің видеоүндеуіне қатысты мынаны хабарлаймыз: бүгін ауданға облыстың Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жайық Жұмақанов кетті. Таңертең ұжыммен кездеседі және оларды мазалайтын мәселелерді анықтайды», – деді ШҚО әкімдігіндегілер.