Жоғалған екі балықшыны мұздың астынан іздеуге сүңгуірлер кетті
Жоғалған екі балықшыны мұздың астынан іздеуге сүңгуірлер кетті
174
оқылды

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Тарбағатай ауданында 1990 және 1981 жылы туған екі балықшы 20 қарашада балық аулауға шығып, содан бері үйіне оралмаған.

21 қараша таңертең оқиға орнына құрамында 10 адамы бар топ пен бір арнайы техника, «Пегас» қайығы жіберілді.   [caption id="attachment_89556" align="aligncenter" width="706"]балықшы, Тарбағатай, балық, сүңгуір, Фото: ТЖБ-нан алынды[/caption]

«Одан бөлек облыстық әкімдіктің Ми-8 тікұшағы да балықшыларды іздеуге жұмылдырылды. Жергілікті полицияның дрон ұшатын аппараты мен жергілікті 50 тұрғын да осы іске атсалысып жатыр» делінген хабарламада.

Сол күні балықшылар қайығының бензин құятын ыдысы табылды. Кеше, яғни 22 қарашада сүңгуір мамандар арнайы құралдың көмегімен көл бетіндегі мұздың астында іздеу жұмысын жүргізді.

Кешке қарай жоғалғандардың қайығы табылды. Құтқарушылар балықшылардың қайығын мұз астынан алып шықты. Бүгін сүңгуірлер екі балықшыны су астынан іздейді.