Астанада зағиптар науқастарды емдейді
Астанада зағиптар науқастарды емдейді
127
оқылды

Зағиптар ауруға мойынсынбай, науқастардың оңалуына қолғабыс етеді.

Данияр Сақбосыновтың бала кезінен көзі нашар көреді. Жанары ішінара жүйке атрофиясына шалдыққан. Зағип жан тағдырдың ісіне мойымай, білім алып, медициналық колледжді бітіріп шықты. Қазір емханалардың бірінде массажист-реабилитолог болып жұмыс істейді. Данияр секілді оқуын аяқтап, тәжірибеден өткен тағы 3 түлек бар. Мүмкіндігі шектеулі жандарға жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасалуы тиіс. Арнайы массаж кабинеті бар. Оған ем алушылар келеді. Данияр олардың мәлімметтерін арнайы дыбыстық бағдарлама арқылы компьютерге енгізе алады.

№13 емхана оңалту бөлімінің меңгерушісі Жанат Жандаев: «Бұлар өте сезімтал келеді. Яғни басқалардан айырмашылығы олардың қолы науқастың ауырған жерін бірден табады. Емдік массажды үлкендер мен балаларға қалай жасау керектігін өте жақсы біледі. Зағип болғанына қарамастан, кәсіби мықты маман», ­– дейді.