Түлектерді жұмысқа орналастыру мәселесі талқыланды
Түлектерді жұмысқа орналастыру мәселесі талқыланды
233
оқылды

Форумға университет ректоры Такир Балықбаев, академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Асан Сәтмырзаев, ҚР БжҒМ қарасты Қаржы орталығының уәкілетті өкілі Серікқали Ақзира, Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова, ОҚМПУ-нің «Кәсіптік бағдар және мансап» орталығының басшысы Ғалымжан Битұрсын, Алматы облысы білім басқарасының уәкілеттік өкілі Айман Әміркешқызы, Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Лаззат Жылқыбаева қатысты.

 width= Форумда еңбек нарығына қойылатын ағымдағы талаптар, жұмыс құндылығы мен жұмыссыздық, жұмыс берушілердің талаптары және түлектерді жұмысқа орналастырудағы әлеуметтік қамсыздандыру деңгейі, жұмыспен қамту, мемлекеттік грант және оның өтуі бойынша ЖОО арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығы: құқықтық және еңбек келісімі талқыланды. Жас мамандарды үш тілді жетік меңгерумен қамтамасыз ету, кәсіби шеберлікті арттыру, инклюзивті білім беру мамандарының санын арттыру, педагогикалық колледждер түлектерін қысқартылған мерзімде оқыту, түлектерді тұрғын үймен қамтамасыз ету және жалақыны арттыру бойынша ұсыныстар айтылды.    width= Білім беру ұйымдарының басшылары мектепке келген түлектердің көп бөлігі Абай атындағы ҚазҰПУ түлектері екенін атап өтіп, білікті мамандарды даярлағаны үшін университет басшыларына ризашылығын білдірді. Университет ректоры Такир Балықбаев форумға қатысушыларға серіктестік деңгейінде білім беру саласындағы маңызды бағытта атқарған жұмыстары, түлектердің жұмысқа орналасуына қосқан үлестері үшін алғыс айтты. Барлық ұсыныстар талқыланып, жұмыс берушілер мен түлектер арасындағы байланыс күшейетінін атап өтті. Сонымен қатар түлектерді жұмыспен қамту үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылып, жағдай жасалатынын айтты. Іс-шара барысында студенттер мен жұмыс берушілер арасында ашық пікірталас болды.