Жұмыссыз қалған 82 мыңнан аса адам жәрдемақы алды
Жұмыссыз қалған 82 мыңнан аса адам жәрдемақы алды
127
оқылды

Оның ішінде 10 489 азаматқа төлем қазан айында тағайындалды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, төлем жоғалған кірістің 40%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен төленеді. Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған қызметкерге: ­– Egov.kz порталында авторизациялану; – «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу» қызметін таңдау; – Онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолдарды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберу қажет; – Бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі халықты жұмыспен қамту орталығы бос жұмыс орындарын ұсынады; – Егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтықтан жұмыссыз мәртебесі берілетін болады (қажет болған жағдайда қосымша ақпарат жинау үшін сізге ХЖҚО қызметкері хабарласады);

Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәлімет болған кезде Еңбек министрлігінің ақпарат жүйесі проактивті форматта төлем тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісу үшін мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді.

Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.