Әр аймақтың бірегей тәжірибесі бар
Әр аймақтың бірегей тәжірибесі бар
132
оқылды

Алматы қаласында Nur Otan партиясы жанындағы Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық кеңестің сараптама тобының басқосуы өтті. Сараптама тобы балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды зерделеу және жинау мәселесін қарастырады. Бұл іс-шараны өткізудегі мақсат – Жол картасының «Бақытты отбасы» партиялық жобасымен танысу, қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмектесу және балалық шақтың қорғалуын қамтамасыз ету құралдарын енгізу, балалардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін мекемелердің қызметін өңірлік деңгейде бағалау.

16 өңірдің әкімдері балалар мен отбасыларды қорғау бойын­ша тәжірибелік шараларды қарас­ты­ратын Жол картасына қол қо­йып, оны жүзеге асыра бастады. Әрбір Жол картасында отбасы­лар­дың қаржылық жағдайын жақсарту, балалар үшін қауіпсіз орта құру, жұмыспен және қо­сым­ша білім­мен қамтамасыз ету және учаске­лік қызметтерді, учас­­келік инс­пек­торларды, дәрі­герлер мен мектеп психолог­тарын мекемеара­лық үйлестіру бойынша 70-тен астам шара көз­дел­ген. Олардың бәрі кәме­лет­ке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықты анықтауы және алдын алуы тиіс.

«Балалардың құқықтарын қор­ғау жөніндегі кеңестің сарап­та­малық тобы бүгінгі таңда 16 өңірге барып, әрқайсында орта есеппен 11-13 аудан мен қала, шалғай ауылмен танысып, әр облыстағы ондаған әлеуметтік нысан мен балалар мекемелерінің жұмысын зерттеді. Облыс және ведомство басшыларының ай­туын­ша, балаларды қорғау мен от­басымен жұмыс істеу саласында осындай кең ауқымды, тәуелсіз, кешенді мониторинг ұзақ уақыт­тан бері өткізілмеген. Балалар өмірінің барлық салаларын – отбасы, мектеп, мектепке дейінгі мекемелер, көшелер, аулаларды зерделей отырып, біз «Бақытты отбасы» Жол картасына балалар­дың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүйелі шараларды ұсына­мыз. Бұл балаларды қараусыз қалдыру, суицидтің және балалар қылмысына жол бермеу, сонымен қатар тиісті инфрақұрылымды қамтамасыз ету мен балаларға қауіпсіз жағдай жасау жөніндегі шаралар» деп атап өтті Nur Otan партиясы жанындағы Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі рес­публикалық кеңес төрағасы­ның орынбасары Динара Зәкиева.

Жалпы орта білім беретін мектептер, жекеменшік балабақ­шалар, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу бойынша жұмыс, қала шетін­де тұратын отбасылардың өмір сүру жағдайы, денсаулық ерек­ше­ліктері бар балаларға оңалту қол­жетімділігі, инклюзиямен қамту пайызы, колледждердің, кеш­кі мектептердің тәрбие жұ­мысы, мамандандырылған интер­наттар­дың, балалар үйінің, кәмелетке толмағандарды бейім­деу орталы­ғының, маман­дан­дырылған мек­тептердің жұмысы, қосымша білім берумен қамту және қала шетінде тұратын балалардың оларға қол­же­тімдігі, оқушылар сарай­лары­ның жұмысы, мектеп­тер­де қосым­ша білім беру, ау­лаларды балалар ойын алаңда­ры­мен, жарықтан­ды­ру­мен қамта­масыз ету, электр қал­қандарын, люктерді қоршау, жолдардың қауіпсіздігі және қала балалары үшін ең қауіпсіз және қолайлы жағдайлар жасау Алматы қаласы топ сарапшыларының назарында болады.

– Бүгінде біз барлық аймақ­тарда болып, жағдаймен танысып шықтық. 200-ге жуық елді мекен­дерді араладық. Отбасын қолдау, балалар мен аналар құқын қорғау жүйесімен таныстық. 1 500-ге жуық мекеме мен отбасына ба­рып, енді қорытынды нәтиже­сін шығаруға Алматыда үлкен жиын өткіздік. Бұл жиында маңызды мәселелер талқыланды. Іс-шара­да отбасына көмектесу, отбасын­дағы зорлық-зомбылық қарым-қатынастарға жол бермеу, қосым­ша білім берумен қамтамасыз ету, өмір мен отбасындағы түрлі сала­лар, инклюзивтің қолжетім­дігі, балалар құқын қорғау сала­лары қамтылды. Алматының өзге қалалардан ерекшелігі көп екені айтылды. Бұл қаладан өзге өңір­лерге үлгі көптеген мысалдар келтіруге болады. Алматыда жеке құрылымдар жұмысы жақсы да­мы­ған. Жекеменшік бала бақ­ша­ның өзі 700-ге жуық. «Осындай мекемелерде балалар қауіпсіздігі қалай сақталып жатқанына мони­торинг жасала ма?» деген сұрақ­тар қойылды. Бүгінгі жиын­да да­муында ерекшеліктер бар балалар мен үлкендер жайы да қозғалды. Оларды сауықтыру барлық аймақта өткір мәселе болып тұр. Көші-қон мәселесі, кәмелетке толмағандар арасында­ғы қылмыс жағдайы да талқы­ланды, – дейді Динара Зәкиева. – Бүгінгі жиында байқағанымыз, әр аймақтың өзінше бірегей тәжірибелері бар. Мәселен, Павлодар облысында балалар арасында қылмысты азайту үшін тәжірибе өткізіп жатыр. Олар өз дерекқорын жасаған. Қорытынды жиында бүкіл аймақтардың жағ­дайы толық қамтылып, баян­да­лады деп ойлаймыз. Сол кезде жақсы тәжірибелерді ортаға салып, бөлісуге болады».

Nur Otan партиясы жанын­дағы Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық кеңестің жұмыс тобы бағдар­лама шеңберінде Алматы қала­сында 12-19 қараша аралығында жұмыс істеп, қалаға қарасты 8 ауданға барып, жағдаймен та­ны­сады.