Тағы да 42 500 теңге төленіп жатқаны рас па?
Тағы да 42 500 теңге төленіп жатқаны рас па?
108
оқылды

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта 42 500 теңге әлеуметтік төлем ешкімге тағайындалмаған.

«Телеграмм-боттар мен басқаларына жіберіліп жатқан осы сипаттағы барлық хабарлама ­– жалған, алаяқтыққа жатады. Оны тіркеу кезінде алаяқтар сол адамның жеке мәліметтері мен ЭСҚ-ға (электрондық цифрлы қолтаңба) қол жеткізе алады. ЭСҚ-ны бейтаныс адамдарға, тіпті мемлекеттік қызметкерлерге ешқашан жібермеңіз. Расталмаған ақпарат көздеріне сенбеңіз» делінген министрлік ресми хабарламасында.