Әлемдік пандемияға байланысты футболдан Қазақстан чемпионаты мәжбүрлі үзіліске кетіп, араға айлар салып барып жалғасқан болатын. Осыған орай қараша айының ортасында бітіп қоюы керек ел біріншілігі 5 желтоқсанға дейін созылғалы тұр. Десе де келісімшарттары 20 қараша күні аяқталған футболшылар маусымның соңына дейін ақысыз доп тебуге келісіп отыр.
Саятхан Сатылған,
Жамбыл облысы