«Халық сүйіктісі» сыйлығының финалистері анықталды
«Халық сүйіктісі» сыйлығының финалистері анықталды
110
оқылды
«Халық сүйіктісі» сыйлығының 10-шы маусымының үміткерлері анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Айта кетсек, «Республика-Аймақ-Даму» қоғамдық қорының президенті Ғалым Байтоқ таяуда «Халықтың сүйіктісі-2020» Ұлттық сыйлығына үміткерлерді ұсыну басталғанын хабарлаған болатын. Ал бүгін сыйлықтың финалистері айқындалды: №1 номинация. «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК МҰҒАЛІМІ» - Төлеубаев Данияр Ерғалиұлы, Жезқазған индустриялық-гуманитарлық колледжі басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасары; - Төлеген Васильевич, Нұр-Сұлтан қаласының №17 мектеп-гимназиясының география пәнінің мұғалімі; - Григорьева Нина Михайловна, флейта оқытушысы, Қазақ ұлттық өнер университетінің үрмелі және ұрмалы аспаптар кафедрасының доценті; - Төлеміс Жұлдызай Серікқызы, Қостанай облысы, «Озат» мамандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының биология пәнінің мұғалімі. №2 номинация. «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ДӘРІГЕРІ» - Қадырова Әсия Мырзағалиқызы, «Жезқазған қаласының көпсалалы ауруханасы» КММ дерматовенерология бөлімінің бастығы; - Пя Юрий, қазақстандық дәрігер, кардиохирург; - Жаңатаров Ержан Бисембайұлы, стоматолог, «Сымбат» клиникасының жетекшісі; - Асанбаев Болат Сайдаұлы, Қызылорда облыстық инфекциялық аурулар ауруханасының жан сақтау бөлімінің меңгерушісі. №3 номинация. «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК СПОРТШЫСЫ» - Рахмонов Шафкат, UFC-дегі қазақстандық файтер; - Юлия Галышева, фристайлшы, қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері; - Левит Василий, қазақстандық әуесқой боксшы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері; - Жұмағұлов Жалқас (ЖӘКӨ), қазақстандық аралас стильдегі спортшы. №5 номинация «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІСІ» - Дина Төлепберген, қазақстандық тележурналист, КТК арнасының жүргізушісі; - Нартай Аралбайұлы, «Мәселе» бағдарламасының бас редакторы, авторы, жүргізушісі,«Жүзден жүйрік» бағдарламасының жүргізушісі; - Дмитрий Олейников, «Хабар» телеарнасының жүргізушісі; - Шойымбек Бақыт, «Астана» телеарнасының жүргізушісі. №6 номинация. «ЖЫЛ ҮЗДІК МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ» - Димаш Құдайберген, Қазақстанның өнер қайраткері, танымал қазақстандық әнші; - Нелдібаев Әсет Төлегенұлы, «Астана-Опера» Мемлекеттік опера және балет театры симфониялық оркестрінің фагот тобының концертмейстері; - Иманбек, қазақстандық ди-джей және музыкалық продюсер; - Адамбай Нұртас, қазақстандық актер, шоумен, режиссер, продюсер және сценарист. №7 номинация. «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ПАРЛАМЕНТАРИЙІ» - Нығматулин Нұрлан, Мәжіліс спикері; - Ирина Смирнова, Мәжіліс депутаты, ҚКХП фракциясы; - Жүсіп Нұртөре, Сенат депутаты; - Павел Казанцев, Мәжіліс депутаты. №8 номинация «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ПУБЛИЦИСТІ» - Михаил Козачков, журналист, публицист; - Андрей Чеботарев, саясаттанушы, «Альтернатива» заманауи зерттеулер орталығының директоры; - Қуат Даурен, «Қазақ әдебиеті» республикалық газетінің бас редакторы; - Шибұтов Марат, саясаттанушы, публицист. №9 номинация. «ЖЫЛДЫҢ БЛОГ САЛАСЫНЫҢ КӨШБАСШЫСЫ» - Асқар Жанапов, Youtube, туристік блогер; - Қорғанбекова Насима, Facebook, құқық қорғаушы; - Майгелдинов Қазбек, Facebook, саясаттанушы; - Русинович Кристина, Instagram. №10 номинация. «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ БАСЫЛЫМЫ» - Zakon.kz; - Гиперборей - You Tube, Вадим Борейконың арнасы; - Nur.kz; - Azattyq Rýhy. Ұйымдастырушылар дауыс берудің ақтық кезеңі бүгін, яғни 23 қарашада www.lubimec.kz ресми сайтында басталып, 3 желтоқсанда аяқталатынын хабарлайды. Сонымен бірге әділ қазылардың бір ауыздан берген шешімімен «Алтын дәуір» Құрметті номинациясына музыкалық педагог, профессор, Қазақ КСР Халық әртісі Кесоглу Лаки Константинович ие болды.