ШҚО-да өрт сөндірушілер өртеніп жатқан үйден миллион теңге алып шықты

ШҚО-да өрт сөндірушілер өртеніп жатқан үйден миллион теңге алып шықты

Шығыс Қазақстан облысынданың Риддер қаласында өрт сөндірушілері жанып жатқан үйден миллион теңгені алып шықты, деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

– Кеше түнде Семей көшесінде үй өртенді. Оқиға болған жерге келген құтқарушыларға үй иесі іште екі газ баллоны, ақша мен құжаттар қалғанын айтқан, - делінген хабарламада.
Бүкіл үйді жалын шарпығанына қарамастан, өрт сөндірушілер екі баллонды, ақша мен құжаттарды тауып, сыртқа алып шыққан. Үй иесіне заттар сол жерде қайтарылды. Кейін өрттің шығуына жылытқын пештің дұрыс қосылмағаны себеп болғаны анықталды.