Сауд Арабиясының оңтүстік-батысында ортопед-хирург операция жасап жатқан кезде жүрек талмасы ұстап, қайтыс болды, – деп хабарлайды Arablocal.
БАҚ мәліметінше, Сауд Арабиясының Асир ауданындағы Хамис Мушайт ауруханасында дәрігер Махди әл-Эмаридің іші қатты ауырған, бірақ ол жоспарланған операцияны кейінге шегермей, өткізуді жөн көрген.
«Махди әл-Эмари дәрігерлік міндетін мүлтіксіз атқарып, науқас үшін өз өмірін ойлап жатпады. Іші қатты ауырғанына қарамастан, ол науқасқа операция жасауды талап етті. Ол өз жұмысын істеп жатып қайтыс болды», – деді доктор Әл Шехри.
Хирургті әріптестері ауыстырып, операцияны аяқтаған. Желі қолданушылары осы оқиғадан кейін дәрігерге құрмет білдіріп жатыр.