"Қолжетімді құқық" ҚБ директоры Римма Өтесбаева өзін "Nur Otan" партиясы атынан маслихат депутаттығына ұсынғанын айтып, әлеуметтік желіде өзін Қазақстанның халық партиясының тізіміне қосқан партия төрағасына үндеу жолдады.
"Құрметті жерлерлестер, ауылдастар, достарым, өздеріңізге мәлім, мен өзімді облыстық маслихат депутаттығына ұсынған болатынмын. Жақында конференция өтіп, облыстық маслихатқа қаладан өттім. Бүгін желі бетінде, мені ҚХП партиясы атынан мәжіліске ұсынылған ақпарат таралды. Соған орай өз атымнан үн қатуды ұйғардым. Мен ҚХП партиясына кірген емеспін және ол партияға кіру тіпті ойымда болмаған. Сондықтан да ҚХП партиясы төрағасынан мені ресми түрде көрсетілген тізімнен алып тастауын сұраймын!, - деп жазды ол.